Қазақстанда 2028 жылға дейін үш жаңа автомарка мен пилотсыз жүк тартқыш көліктердің өндірісі іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының Қытайға сапары аясында Li Auto, OMODA және JAECOO автокөліктерін шығару, сондай-ақ SITRAK пилотсыз жүк тартқыштарын өндіру жөнінде келісімдерге қол жеткізілген. Сонымен қатар BYD компаниясымен бірлесіп жоғары жылдамдықты қуаттау стансаларының желісі дамытылады.
Бүгінде Қазақстанда жеңіл және коммерциялық көлік шығаратын 11 кәсіпорын жұмыс істейді.
«Соңғы бес жылда салаға 457 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Өткен жылы 171 мыңнан астам автокөлік шығарылып, өндіріс көлемі 18%-ға артты», — деді Ерсайын Нағаспаев.
Оның айтуынша, биылғы алты айда 94,4 мың көлік шығарылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 35%-ды құрады.
Министр автозауыттарда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары да жалғасады. Бұл өндіріс қауіпсіздігін күшейтіп, тәуекелдерді жедел анықтауға мүмкіндік береді.