2026 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға өсіп, 4,1 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, барлық құрылыс жұмыстарының 91,1%-ын жеке құрылыс компаниялары, 8,3%-ын шетелдік, ал 0,6%-ын мемлекеттік ұйымдар орындаған.
Өсімге негізінен ғимараттар мен инженерлік құрылыстарды салу және жөндеу жұмыстарының 22,5%-ға артуы әсер еткен.
Құрылыс жұмыстарының ең үлкен үлесі автомобиль және теміржол инфрақұрылымына тиесілі болды – 24,2%. Сонымен қатар тұрғын емес ғимараттар (21,5%) мен тұрғын үйлердің (13,2%) құрылысы да негізгі бағыттардың қатарында.
Қай өңірлерде құрылыс қарқынды жүріп жатыр?
Құрылыс көлемі республиканың 17 өңірінде өскен. Ең жоғары өсім мына аймақтарда тіркелді:
8,5 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді
Алты айдың қорытындысы бойынша елімізде 10,6 млн шаршы метрден астам жаңа нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде тұрғын үйлердің жалпы ауданы 8,47 млн шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,7%-ға артты.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің:
Жаңа баспаналардың 95,5%-ы жеке құрылыс салушылардың үлесіне тиесілі. Ал тұрғындардың өз қаражатына салынған үйлердің жалпы ауданы 2,85 млн шаршы метрді құрады.
Жаңа мектептер мен балабақшалар ашылды
Биылғы алғашқы жартыжылдықта әлеуметтік инфрақұрылым да кеңейді. Ел бойынша:
Сарапшылардың пікірінше, құрылыс саласындағы өсім тұрғын үй құрылысының, жол инфрақұрылымының және әлеуметтік нысандардың белсенді салынуымен байланысты.