homepage
Фото: «Самұрық-Қазына» баспасөз қызметі

ҚТЖ-ға жаңа басшы келді

20.07.2026, 10:38

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл қызметке 38 жастағы Елжас Отыншиев кірісті. 

Елжас Отыншиев Мәскеу физика-техникалық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес кәсіпорындарында бастаған. 2023 жылғы сәуірден бері қордың стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры әрі басқарма мүшесі болды. Сонымен қатар 2024 жылғы ақпаннан бастап «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына кіреді.

Бұған дейін ҚТЖ-ны Талғат Алдыбергенов басқарып келген. Қазір ұлттық компанияның қарызы 4,7 трлн теңгеге жеткен.