Ішкі істер министрлігі ата-аналарды жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырды. Жылы күндері терезелердің жиі ашық тұруы балалардың құлап кету қаупін арттырады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда балалардың терезеден құлауына қатысты 169 жағдай тіркелген. Оның 14-і қайғылы оқиғамен аяқталған.
Құқық қорғау органдарының айтуынша, мұндай жағдайлардың негізгі себебі – балаларды үйде қараусыз қалдыру және олардың ашық терезелерге еркін қол жеткізуі. Әсіресе 2 мен 5 жас аралығындағы балалар қауіпке жиі ұшырайды.
ІІМ ата-аналарға мына қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді:
Министрлік ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауға шақырды.