homepage
Juzmedia.kz

Қосшыдағы демалыс базасында 6 жастағы бала бассейнге батып кетті

18.07.2026, 09:57

Ақмола облысының Қосшы қаласындағы демалыс орындарының бірінде 6 жастағы бала бассейнге батып көз жұмды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қайғылы оқиға 17 шілде күні болған. Бала өлімі туралы хабарлама Қосшы қалалық полиция бөліміне жедел әрекет ету қызметінен түскен. Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті сот сараптамалары тағайындалған. Әзірге оқиғаның нақты себептері мен өзге де мән-жайлары жарияланған жоқ.

Осыған байланысты полицейлер ата-аналар мен заңды өкілдерге балаларды су айдындарының, соның ішінде бассейндердің жанында қараусыз қалдырмауға шақырды.