homepage
Depositphotos.com

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты

17.07.2026, 10:51

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында болған жол-көлік оқиғасынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 17 шілдеге қараған түні Шаян – Екпінді тасжолында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry мен Volkswagen Passat автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, екі көліктегі жеті адам да оқиға орнында көз жұмған.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер жол апатының нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Осыған байланысты полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға, жол және ауа райы жағдайын ескеруге, әсіресе түнгі уақытта қауіпті маневрлер жасамауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында тағы бір ауыр жол апаты болып, жеңіл көлік жол жиегіндегі ағашқа соғылып, бес адам қаза тапқан еді.