Қазақстанның танымал футболшысы, Англияның «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен белгілі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары болып тағайындалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салайық, 2026 жыл БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланған.
Бұл бастама халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау тауып, әлем елдерін жанашырлық, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын кеңінен насихаттауға үндейді.