Тамызда елімізде «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы тікелей эфирде «Отбасы банк» басшысы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Биыл бұл жобаға жалпы көлемі 45 миллиард теңге бөлінген.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
Бұл ипотека ресми табысы бар және соңғы 6 ай бойы зейнетақы жарналарын үздіксіз төлеп келген, жұмыс істейтін әйелдерге арналған.
Қатысушыларға қойылатын негізгі шарттар:
Қандай үйлерді сатып алуға болады?
Бағдарлама аясында жаңа салынған үйлерді де (соның ішінде Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігі бар құрылысы бітпеген нысандарды), сондай-ақ 2016 жылдан ерте салынбаған ескі нарықтағы пәтерлерді де алуға болады.
Айта кетерлігі, бұл бағдарламамен тек алғашқы баспананы ғана емес, тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында екінші немесе үшінші үйді де сатып алу мүмкіндігі бар.
Қатысушыларды іріктеу қалай жүреді?
Үміткерлерді іріктеу баллдық жүйемен жүргізіледі.
Мұнда «Отбасы банкінде» бұрыннан депозиті бар, ақша жинау мерзімі ұзағырақ және жинақталған сыйақы мөлшері көп әйелдерге басымдық беріледі.