homepage
juzmedia.kz

Шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға батып кетті

16.07.2026, 10:25

Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балалардың судағы қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды. Ведомствоның мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы елімізде 69 бала суға батып, көз жұмған, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Министрліктің хабарлауынша, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға рұқсат етілмеген әрі арнайы жабдықталмаған су айдындарында болған.

Осыған байланысты ІІМ тұрғындарға тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға, балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауға және олардың қауіпті жерлерге түсуіне жол бермеуге кеңес берді.

Сондай-ақ мамандар аптап ыстықтан кейін бірден салқын суға түспеуге шақырады.

“Тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Жыл басынан бері осы құқықбұзушылық үшін 2700-ден астам азамат жауапкершілікке тартылды. 

Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігі ең алдымен өз жауапкершілігіңізде екенін ұмытпаңыздар! - деді ІІМ профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов.