Істе 44 адам айыпталушы ретінде танылды. Олардың арасында қылмыс әлемінің серкесі - Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман), Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты әрі кәсіпкер – Қайрат Құдайберген, ҰҚК-нің бесінші басқармасының бұрынғы бастығы – Руслан Ысқақов, қаржы полициясының экс-агенті Талғат Махатов және журналист Бердах Бердімұрат бар.
СОТ ПРОЦЕСІНІҢ БАРЫСЫ
Сот отырыстары 2023 жылдың 6 қыркүйегінде басталып, үкімге дейін жабық режимде өтті. Бұған Руслан Ысқақовтың соттың алғашқы тыңдауларында 2022 жылғы Қаңтар оқиғалары кезінде бұйрықты ҰҚК-нің экс-төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіштен алғанын мәлімдеуі себеп болды.
2024 жылдың наурызында Самат Әбішке билікті асыра пайдаланды деген айып тағылып, оған шартты түрде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Сарапшылар бұл үкімді сынға алып, оны заң үстемдігіне қайшы деп бағалады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Сот үкімі шығарылған күні тергеу изоляторының аумағы қатаң күзетке алынды. Аймақты полиция мен арнайы жасақ қоршап, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. БАҚ өкілдері изолятор аумағына кіргізілмей, үкімді арнайы әкімшілік сот ғимаратында ұйымдастырылған трансляция арқылы бақылауға мәжбүр болды.
Бұл іс Қаңтар оқиғаларына қатысты ірі қылмыстық істердің бірі ретінде танылып отыр.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.