homepage
Juzmedia.kz

Қазақстанда көлік көбейді

15.07.2026, 17:06

2026 жылдың маусым айында Қазақстанда 167 878 автокөлік мемлекеттік есепке қойылды. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 13,7%-ға көп. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Ең көп тіркелгені – жеңіл көліктер

Маусым айында тіркелген көліктердің басым бөлігін жеңіл автомобильдер құрады. Олардың үлесі 87,4% немесе шамамен 146,7 мың көлікке тең.

Сонымен қатар:

  • жүк көліктері – 5,7%;
  • тіркемелер – 2,4%;
  • мотоциклдер – 1%;
  • автобустар – 0,9%;
  • өзге көлік құралдары – 2,6%.

Қозғалтқыш көлемі бойынша тіркелген көліктердің үштен бірінен астамы (34,5%) 1500–2000 текше сантиметр аралығындағы қозғалтқышпен жабдықталған.

Бензинмен жүретін көліктер басым

Есепке қойылған автокөліктердің басым бөлігі бензинмен жүреді. Статистикаға сәйкес:

  • 136 232 көлік (81,1%) – бензинмен;
  • 10 845 көлік (6,5%) – дизель отынымен;
  • 11 183 көлік (6,7%) – аралас (гибрид) отын жүйесімен;
  • 2 872 көлік (1,7%) – электр қуатымен;
  • 895 көлік (0,5%) – газбен жүреді.

Ал 5 851 көлік бойынша отын түрі көрсетілмеген.

Қазақстанда 6 млн-нан астам автокөлік тіркелген

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 6 млн 25,9 мың автокөлік тіркелген.

Олардың ішінде:

  • 5 млн 53,7 мың – жеңіл автомобиль;
  • 493,7 мың – жүк көлігі;
  • 262,3 мың – тіркеме;
  • 89,5 мың – автобус;
  • 74,2 мың – мотоцикл;
  • 52,6 мың – өзге көлік құралдары.

Автокөлік ең көп тіркелген өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Мұнда 733,3 мың көлік есепте болса, Алматы облысында бұл көрсеткіш 646,3 мың бірлікті құрайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері негізінде әзірленген.