homepage
baiterek.gov.kz

“Бәйтерек” холдингінің директорлар кеңесіне қытайлық кәсіпкер келді

15.07.2026, 16:03

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар ауқымды кадрлық өзгеріс болды. Холдингтің жалғыз акционері, Ұлттық экономика министрлігінің шешімімен кеңес құрамынан үш бірдей тәуелсіз шетелдік мүше шығарылды. Олардың орнына жаңа тәуелсіз директорлар, соның ішінде белгілі қытайлық инвестор тағайындалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Бұған дейін директорлар кеңесінде тәуелсіз мүше болған Дэниель Алан Витт, Мэри-Елен Берар және Норберт Манфред Грундке құрамнан шығарылды. Олардың орнына жаһандық қаржы нарығында аты 
 халықаралық сарапшылар келді:

  • Ху Фред Зулиу (Фред Ху) - Қытайдың ең танымал инвесторларының бірі, Primavera Capital Group жаһандық инвестициялық фирмасының негізін қалаушы әрі төрағасы. Бұрын ол Goldman Sachs-тың Үлкен Қытай аймағындағы төрағасы қызметін атқарған және Халықаралық валюта қорында (ХВҚ) жұмыс істеген. 
  • Януш Пехочиньский - Польшаның бұрынғы премьер-министрінің орынбасары әрі экономика министрі. Еуропалық нарық пен экономикалық реформалар саласындағы тәжірибелі сарапшы.
  • Чарон Вардини Бин Мохзани - Малайзияның қаржы және инвестиция саласындағы белгілі тұлғасы, малайзиялық Khazanah Nasional мемлекеттік инвестициялық қорының бұрынғы атқарушы директоры.

Жаңа өзгерістерден кейін «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі 10 адамнан тұрады. Оның құрамына премьер-министр бастаған үкімет мүшелері мен жаңадан тағайындалған шетелдік тәуелсіз директорлар 

Еске сала кетейік, биыл 30 мамырда Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалуына байланысты холдингтің директорлар кеңесінен шығарылған. Оның орнына бірінші вице-премьер Нұрлыбек Нәлібаев келген.

Жаңадан жасақталған құрам холдингтің инвестициялық саясатын халықаралық деңгейде күшейтуге бағытталып отыр.