Ақтау маңындағы Каспий теңізінде із-түзсіз жоғалған 18 жастағы Азамат Дүйсехановтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Lada.kz жазуынша, өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, іздестіру-құтқару жұмыстары Каспий теңізінің арнайы жабдықталмаған жағалау бөлігінде жүргізілген.
Жас жігіттің мәйіті бүгін, 15 шілдеде Ақтаудан 51 шақырым жерден, жағалаудан шамамен 10 метр қашықтықтан табылған.
Құтқарушылар мәйітті судан шығарып, оны полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Еске салайық, 18 жастағы Азамат Дүйсеханов 7 шілде күні, дәл туған күнінде, достарымен демалып жүрген кезде «O'Mir» курорттық қонақүйі маңында жоғалып кеткен болатын.