homepage
Маңғыстау облысының әкімдігі

Джеки Чан Маңғыстауға барды

14.07.2026, 11:12

Аты аңызға айналған актер, режиссер, продюсер әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чан халықаралық «Доспехи Бога 4: Ультиматум» (Armour of God: Ultimatum) көркем фильмінің түсіріліміне қатысу үшін Маңғыстау облысына арнайы барды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, актерді өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай қарсы алды.

Маңғыстаудың ауқымды халықаралық киножобаның негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде таңдалуы әлемдік киноиндустрияның Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттарына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Фильмнің басты түсірілім орындарының бірі – әлемге әйгілі Бозжыра шатқалы болмақ.

Кездесу барысында Нұрдәулет Қилыбай мұндай ауқымды халықаралық жобалардың өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, инвестиция тартуға және Маңғыстаудың әлемдік деңгейдегі танымалдылығын күшейтуге зор серпін беретінін атап өтті.

Джеки Чан жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Маңғыстаудың табиғи ландшафттары ерекше кинематографиялық әлеуетке ие екенін және болашақ фильмнің ең көрнекті көріністерінің біріне айналатынын айтты.