Беларусьтегі сайлау науқаны әлем үшін елеусіз өтті десе де болады. Сайлау бюллетенінде Александр Лукашенкодан басқа тағы төрт үміткердің аты болған, олардың тек біреуі ғана өзін «оппозиция өкілі» деп таныстырған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
САЙЛАУ АЯҚТАЛМАСА ДА, ЖЕҢІМПАЗ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Еuronews жазуынша, елдегі президенттік сайлау нәтижесінде Александр Лукашенко жаңа, жетінші мерзімге қайта сайланбақ.
Дауыс беру процесінен елде ешбір қарбалас сезілген жоқ.
“Еуропаның соңғы диктаторы” аталып кеткен 70 жастағы Лукашенко Беларусьті 1994 жылдан бері басқарып келеді.
ЛУКАШЕНКОНЫҢ 2020 ЖЫЛҒЫ “ЖЕҢІСІ”
2020 жылы өткен соңғы сайлауда Александр Лукашенко 80% дауыс жинап, жеңімпаз деп танылды.
Сол кезде “дауыстар бұрмаланды” деген айыптаулар соңы бірнеше айға созылған наразылықтарға ұласып, 65 мың адам қамауға алынған болатын.
Түрмеден қашқандар шетел асуға мәжбүр болды.
САЙЛАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Беларусьтен тыс жерлерде сайлау учаскелері ашылмайды. Оппозиция өкілдері бастаған белорус диаспорасы бұған қарсы 26 қаңтарда шетелде, атап айтқанда Польша, Литва, Чехия, Швеция және басқа да елдерде акциялар ұйымдастырды.
Еуропа дипломатиясының басшысы Каджа Каллас бұл сайлауды “жалған” деп атады.
"Лукашенко 30 жыл бойы билікке жабысып келді. Ертең ол өзін тағы да президент тағайындайды. Бұл демократияны ашық қорлау. Лукашенконың легитимділігі жоқ", - деп жазды Каллас желіде.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де Беларусь президентінің сайлауы өтті деп жарияланды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.