Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды аса қатыгездікпен өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Жәбірленуші тарап сот процесін қоғамға ашық өткізіп, оны тікелей эфирде көрсетуді талап ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаровтың айтуынша, сотқа дейінгі тергеу толық аяқталған. Прокурор айыптау актісін бекітіп, істі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберген.
Адвокаттың айтуынша, жәбірленуші тарап сот отырысының барынша ашық әрі жария өтуін талап етеді.
«Істің жан-жақты, толық әрі объективті қаралуы үшін заңда көзделген барлық шараны қолданамыз. Сонымен қатар сот процесінің тікелей эфирде көрсетілуін сұраймыз», – деп жазды желі бетінде Аянхан Омаров.
Күдіктіге үш бірдей бап бойынша айып тағылды
Қазір 28 жастағы күдіктіге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылған:
Бұған дейін Нұрайдың туыстары тергеу барысында заңбұзушылықтарға жол берілгенін айтып, істі қосымша тергеуге қайтаруды сұраған болатын. Сондай-ақ олар іс сотқа өткен кезде кейбір айып баптарының алынып тасталуы мүмкін екеніне алаңдаған.
Қайғылы оқиға қалай болды?
Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиға 2026 жылдың 11 қаңтарда кешке Шымкентте болған. Күдікті Нұрайды дүкен маңында күтіп тұрған. Ол қызды күштеп ұстап, бірнеше рет пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен. 21 жастағы бойжеткен алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмған.
Күдікті екі күннен кейін полиция қызметкерлерінің қолына түсті.
Жәбірленуші тарап енді сот процесінің барысы туралы қоғамға заң аясында тұрақты түрде ақпарат беріп отыратынын мәлімдеді.