homepage

Шымкентте 6 жасар жиенін суға батырып өлтірген әйелге сот үкімі шықты

Juzmedia. kz
26.01.2025, 15:02

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында жас баланы айуандықпен өлтіру дерегі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сотта 30 жастағы әйеге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының үшінші бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы өлтіру) бойынша айып тағылды.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың маусым айында сотталушы 6 жасар жиенімен бірге Ақпан батыр көшесіндегі жалдамалы пәтерде болған.

30 жастағы әйел қызды ұйқысынан тұрып жылағаны үшін жазалағанды жөн көреді: ол баланың аяқ-қолын байлап, артынша ұрып-соға бастайды.

Қыз бала есінен танып қалған кезде туысы ваннаны суға толтырып, баланы суға батырып жіберген.

ӘЙЕЛ КІНӘСІН МОЙЫНДАМАДЫ

Сотта әйел өз кінәсін мойындамады, бірақ сот заттай дәлелдемелер мен сараптамалардың нәтижелерін назарға алып, айыпталушыға үкім шығарды.

"Прокурор К-ны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап өкілі баланың ата-анасы сотталушыны кешіргенін айтып, қатаң жаза қолданбауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, жазаны жеңілдету туралы өтініш білдірді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Әйел баланы өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.