Әлем чемпионатының ширек финалындағы барлық матчтар аяқталғаннан кейін 2026 жылғы дүниежүзілік біріншіліктің жартылай финалында кездесетін командалар белгілі болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Championat.com жазуынша, жартылай финалдың соңғы жолдамасын Аргентина құрамасы иеленді. Ширек финалда аргентиналықтар қосымша уақытта Швейцарияны 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.
Бұған дейін Англия құрамасы да жартылай финалға жолдама алған еді. Олар да қосымша уақытта Норвегияның қарсылығын еңсеріп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, әлем чемпионатының жартылай финалында мынадай матчтар өтеді:
Екі кездесу де Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Үшінші орын үшін матч 18 шілдеде Майамиде өтсе, финалдық кездесу 19 шілдеде Нью-Йоркте ұйымдастырылады.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр.
Биылғы турнирге 48 ұлттық құрама қатысуда. Қазіргі әлем чемпионы – Аргентина құрамасы.
Чемпионат 19 шілдеде мәресіне жетеді.