homepage
juzmedia.kz

ШҚО-да жеке үй өртеніп, екі адам қаза тапты

11.07.2026, 17:37

Шығыс Қазақстан облысында жекеменшік тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан екі зейнеткер қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қайғылы оқиға 10 шілдеде Глубокое ауданындағы Уварово ауылында болған.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін 78 жастағы үй иесі жанып жатқан үйден өздігінен шығып үлгерген. Алайда ол түтінге уланып, оқиға орнына келген Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері көрсеткен көмекке қарамастан көз жұмды.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар үй ішінен 73 жастағы әйелдің мәйітін тапқан.

Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпып, үй толықтай жанып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін. Қазір оқиғаның нақты себебін мамандар анықтап жатыр.

Жергілікті ақпарат көздерінің жазуынша, қаза тапқан зейнеткерлер 19 және 17 жастағы ата-анасынан айырылған екі немересіне қамқоршылық жасаған. Өрт кезінде қыздар аман қалғанымен, баспанасы, барлық жеке заттары мен құжаттары түгел жанып кеткен.

Оқиғаға байланысты тиісті органдар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.