Қазақстандағы барлық мемлекеттік мектептерде, соның ішінде «Келешек мектептерінде» де 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқу-ағарту министрлігінен хабарлағандай, құжаттарды OQU ұлттық білім беру платформасы, eGov порталы арқылы онлайн немесе мектепке тікелей барып тапсыруға болады.
«Келешек мектептеріне» қабылдау кезінде мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балаларға басымдық беріледі. Ал бос орын болған жағдайда ата-аналар кез келген мемлекеттік мектепке өтініш бере алады. Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болуы қажет.
1-сыныпқа қабылдау үшін қажет құжаттар:
Мектепалды даярлықтан (0-сынып) өткен білім алушылар ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде 1-сыныпқа қабылданады.
Құжат қабылдау өңірлерде әртүрлі күндері басталғанымен, ел бойынша 2026 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. Білім министрлігі ата-аналарды құжаттарды соңғы күнге қалдырмай тапсыруға шақырды.