homepage
фото: видеодан алынған кадр

Алматыда үстіне ағаш құлаған қыз көз жұмды

10.07.2026, 21:42

Алматыдағы Баум тоғайында серуендеп жүргенде үстіне ағаш құлап, ауыр халде ауруханаға жеткізілген бойжеткен көз жұмды. Бұл туралы Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

 

19 жастағы бойжеткен 27 маусым күні №4 қалалық ауруханаға аса ауыр хәлде жеткізілген. Содан бері ол жансақтау бөлімінде дәрігерлердің тәулік бойғы бақылауында болды. Алайда жүргізілген барлық емдеу шараларына қарамастан, бүгін, ауруханаға жатқызылғанына 14 күн болғанда, науқастың жүрегі тоқтады. 

Естеріңізге сала өтсек, оқиға 27 маусым күні шамамен сағат 15:00-де болған. Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, бойжеткен отбасымен бірге серуендеп жүрген кезде алып қураған ағаш кенеттен құлаған. Сол сәтте қатты жел де, жаңбыр да болмаған. Алматы әкімдігі оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.