Антальядағы қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеген 18 жастағы қазақстандық жол апатына түсіп, қайтыс болды. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Қазақстан Республикасының Антальядағы Бас консулдығы құжаттарды дайындау, түрік органдарымен бірлесіп қыздың денесін елге қайтаруды ұйымдастыру тәрізді барлық қажетті консулдық-құқықтық көмекті көрсетті”, — делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Марқұмның денесі Қазақстанға 17 маусымда жеткізілген. Репатриация жұмыс берушінің және серіктес ұйымдардың қаржылай қолдауымен ұйымдастырылды.
“Бұл мәселе Бас консулдықтың бақылауында. ҚР дипломаттары бұл мәселе бойынша құзыретті органдармен өзара іс-қимылды жалғастырып жатыр,”- делінген СІМ хабарламасында.
Дереккөз: Kazinform