homepage

Путин Трамппен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Juzmedia. kz
25.01.2025, 13:44

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу АҚШ-тың жаңа әкімшілігімен диалогқа келуге және Украинаға қарсы соғысты тоқтату туралы келіссөздерге ашық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

“Расында, бүгінгі күннің шындығына сүйене отырып кездесіп, барлық бағыт бойынша сабырлы түрде сөйлескеніміз дұрыс болар еді”, - деді Путин Мәскеу мемлекеттік университетіне сапары кезінде.

БӘРІ АҚ ҮЙГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МА?

Путин ресейлік тараптың дайын екенін, бірақ бәрі Ақ үйдің қазіргі басшылығының ұстанымына байланысты болатынын айтты.

"Біз дайынбыз. Бірақ, қайталап айтамын, бұл бірінші кезекте, әрине, қазіргі Америка әкімшілігінің шешімдері мен таңдауына байланысты болмақ", - деді Путин.

“ТРАМППЕН ӘРҚАШАН ІСКЕР ӘРІ СЕНІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БОЛДЫ...”

Ресей президенті Трамппен әрқашан іскер, сонымен бірге сенімді қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

“Мен АҚШ-тың қазіргі президентімен әрқашан іскер, тек іскер, бірақ сонымен қатар прагматикалық және сенімді қарым-қатынаста болдым”, - деді В. Путин.

Оның пікірінше, егер 2020 жылы республикашылдың “жеңісін тартып алмағанда”, Украинадағы дағдарысты болдырмауға болар еді.

Айта кетсек, АҚШ-тың 47-ші президенті болып сайланған Дональд Трамп Украинаның Ресеймен шиеленісін реттеу туралы келісім жасауға дайын екенін, жақын арада Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуді қалайтынын айтқан болатын. Трамптың айтуынша, Киев “мәміле жасауға” дайын.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.