homepage
Абай облыстық ПД баспасөз қызметі

Абай облысында төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

10.07.2026, 10:17

Абай облысында Алматы – Өскемен тасжолында төрт көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды. Тағы бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жол-көлік оқиғасы 9 шілдеде таңертең Жарма ауданына қарасты Жарма ауылы маңында болған.

Облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі жолдан назарын аударып алып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан ол Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Кейін апатқа Toyota Windom жеңіл көлігі мен DAF жүк көлігі де қатысқан.

Жол апаты салдарынан Volkswagen Polo көлігінің жолаушысы оқиға орнында алған жарақатынан қайтыс болды. Тағы бірнеше адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ жүргізушілерге рөлде отырғанда телефон қолданбауға, жолдан назарды басқаға аудармауға, жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтауға шақырды.