Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясында орналасқан аяқ киім фабрикасында болған ірі өрт салдарынан кемінде 28 адам қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, өрт бейсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 12:04-те Чэньдай кентіне қарасты Цзянтоу ауылындағы аяқ киім өндірісінде тұтанған.
Өрт шыққан кезде ғимарат ішінде жұмысшылар болған.
Оқиға орнына ондаған өрт сөндіру жасағы мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру және оның салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.
Қытай төрағасы Си Цзиньпин құтқару жұмыстарын барынша күшейтуді, өрттің шығу себептерін жан-жақты анықтауды және кінәлілерді заң аясында қатаң жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің нақты шығу себебі әзірге белгісіз. Оқиғаға байланысты арнайы тергеу басталды.