homepage
istockphotо

Маңғыстауда теміржол станциясынан кезекші қызметкердің денесі табылды

09.07.2026, 11:21

Маңғыстау облысындағы теміржол станцияларының бірінде жұмыс орнында қайтыс болған кезекші қызметкердің денесі табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.  

Lada.kz жазуынша, оқиға 5 шілдеде таңертең №13 теміржол айырығында болған. 1983 жылы туған станция кезекшісінің денесі жұмыс орнынан табылған.

Оқиға орнына жедел түрде жедел жәрдем қызметі мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шақырылған. Дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын растады.

Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне жүректің созылмалы ауруы себеп болуы мүмкін.

Аталған дерекке қатысты Көліктегі полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, теміржол ұйымы қызметкерінің кенеттен қайтыс болу фактісі бойынша Маңғыстау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, қызметкердің өліміне созылмалы жүрек ауруы себеп болуы мүмкін, алайда түпкілікті қорытынды тергеу нәтижесінде белгілі болады.