homepage
Фото: railway.kz

ҚТЖ басшысы қызметінен кетті

08.07.2026, 10:24

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды. Ұлттық компания басшысының өкілеттігі акционер «Самұрық-Қазына» АҚ-ның шешімімен тоқтатылды.

«Акционердің шешімімен «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алдыбергенов Талғат Сағиұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды», – деп жазылған ресми хабарламада.

Ол бұл қызметті тура бір жыл ғана атқарды. Бұған дейін Үкімет отырысында Бектенов ҚТЖ басшылығына транзиттік тасымал жоспарының 30%-ға кешігуіне байланысты қатаң ескерту жасаған еді.