homepage
фото: ашық дереккөз

Тоқаев Асыловты Қазақстанның Бас прокуроры етіп қайта тағайындады

07.07.2026, 21:43

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Асыловты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметіне қайта тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде Қазақстанда алты жоғары лауазымды тұлға тағайындалуы тиіс екенін мәлімдеген болатын.

Министрдің айтуынша, жаңа Конституцияның 95-бабына сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап екі ай ішінде мына лауазымдарға тағайындау жүргізілуі қажет:

  • Бас прокурор;
  • Ұлттық банк төрағасы;
  • Жоғарғы сот төрағасы;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Жоғары сот кеңесінің төрағасы;
  • Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Сондай-ақ Әділет министрінің айтуынша, Құрылтай сайлауы өткеннен кейін Үкімет жаңадан сайланған Құрылтайдың алдында өз өкілеттігін тоқтатады.

Берік Асылов еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында бастаған. Әр жылдары Бас прокуратурада, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында, Шымкент қаласының, Ақтөбе облысының прокуроры және Батыс өңірлік көлік прокуроры қызметтерін атқарды.

2010 жылы Бас прокурордың орынбасары, 2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуроры, 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болды. Ал 2019-2022 жылдары Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Берік Асылов ҚР Бас прокуроры лауазымына  2022 жылдың 3 наурызында тағайындалған болатын.