homepage
фото: ашық дереккөз

Juz пікір: "Роналдудың тұсауын қазақ кескен..."

07.07.2026, 20:17

“Кешегі матч Криштиану Роналдудың ұлттық құрама сапындағы соңғы матчы болуы мүмкін. Ал ол Португалия құрамындағы алғашқы ойынын кімге қарсы өткізіп еді? 2003 жыл. 20 тамыз. Пиреней түбегінің ең батыс бұрышындағы шағын Шавеш қаласында Португалия мен Қазақстан жолдастық кездесу өткізді. Бірінші тайм 0:0 боп аяқталды. Үзілістен соң жасыл алаңға 18 жасар Криштиану Роналду шықты. Атақты Луиш Фигудың орнына. Бірақ матч тағдырын шешкен жалғыз голды алаңға Кришпен қатар 46-минутта шыққан Симау Саброза соққан еді. 65-минутта. Қазақстан құрамасының сапында Юрий Новиков, Самат Сымақов, Әлібек Бөлешев, Нұрбол Жұмасқалиев, Андрей Карпович, Евгений Ловчев, Қайрат Нұрдәулетов және т.б. ойнаған болатын. Яғни, К.Роналдудың ұлттық құрамадағы ұлы жолында тұсауын біз кескенбіз десек те жарасады. Мына фото 23 жыл бұрынғы сол ойыннан”.

Сәкен Сыбанбай, жазушы, журналист