homepage
Көрнекі фото: ҚР ҰҚК

Бір айда 125 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді - ҰҚК

07.07.2026, 16:32

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, биылғы маусым айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты бойынша 125 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы тіркелді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі парақорлыққа қатысты. Атап айтқанда, 97 парақорлық, 9 алаяқтық, 8 лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, 7 жымқыру, 3 қызметтік жалғандық жасау және 1 билікті асыра пайдалану дерегі тіркелген.

Қылмыстық істер аясында 67 адам күдікті деп танылды. Есепті кезеңде 149 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 129-ы сотқа жолданған.

ҰҚК мәліметінше, аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал көлемі 4,7 млрд теңгені құрады. Оның 2,1 млрд теңгесі мемлекет бюджетіне қайтарылып, құны 971,4 млн теңгенің мүлкіне тыйым салынды.

Ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жалғасып жатқанын мәлімдеді.