Атырау облысында Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар бірнеше күннен бері өзен аумағын тексеріп, іздеу шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқиға 5 шілдеде Индер ауданына қарасты Есбол ауылында болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2013 жылы туған жасөспірім белгіленбеген, шомылуға тыйым салынған аумақта суға түскен.
Іздеу жұмыстарына ТЖД мамандары, арнайы техника мен жүзу құралдары тартылған. Құтқарушылар су айдынын түрлі әдістермен зерттеп жатыр.
Мамандардың мәліметіне сәйкес, «Наутилус-50» мобильді іздеу кешені арқылы өзен түбінің 1200 шаршы метрге жуық аумағы қаралған. Бұдан бөлек, сүңгуірлер 15 рет суға түсіп, тралдау әдісімен 1700 шаршы метрден астам су аумағын тексерген.
Қазіргі таңда іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр.