Қазақстан Үкіметі мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді. Жаңартылған құжатта Мемлекеттік туды қай жерлерде орналастыруға болатыны және оны қолдануға қатысты жаңа талаптар нақты көрсетілген. Тиісті қаулыға Премьер-министр қол қойды. Құжат 2026 жылғы 13 шілдеден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жаңа қағидаларға сәйкес, енді жеке және заңды тұлғалар Мемлекеттік туды тұрғын және тұрғын емес ғимараттарға, сондай-ақ балкондарға іле алады. Балконға орнатылған ту 45 градус бұрышпен бекітілуі тиіс.
Мемлекеттік туды ілуге қойылатын талаптар
Қаулыда Мемлекеттік туды пайдалану кезінде сақталуы тиіс бірқатар талаптар белгіленген:
Қандай жағдайларда пайдалануға тыйым салынады?
Жаңартылған қағидаларда Мемлекеттік туды қолдануға болмайтын жағдайлар да нақты жазылған.
Атап айтқанда, туды:
Спортшыларға қатысты жаңа норма
Қаулыда алғаш рет Қазақстанның Мемлекеттік туының бейнесін спортшылардың спорттық киімі мен жабдықтарында ресми түрде пайдалануға рұқсат берілді.
Мемлекеттік рәміздерді орналастыру тәртібі де нақтыланды
Құжатқа сәйкес, мемлекеттік мекемелердің ресми сайттарында, ақпараттық стендтерде және плакаттарда мемлекеттік рәміздер мынадай ретпен орналастырылуы тиіс:
Сонымен қатар стендтер мен көрнекі материалдарды безендірудің бірыңғай талаптары бекітілді. Олар көк түсті фонда рәсімделіп, жазулар алтын түспен жазылуы тиіс. Ал мемлекеттік рәміздер орналасқан орындар эстетикалық талаптарға сай безендіріліп, шаруашылық бөлмелерінен, дәліздер мен киім ілетін орындардан алыс орналасуы қажет.
Айта кетейік, енгізілген өзгерістер 2007 жылғы 2 қазанда бекітілген мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларына түзетулер енгізеді және 13 шілдеден бастап ресми түрде қолданысқа енгізіледі.