homepage
фото: ЖИ

Қазақстанға аптап ыстық оралады

06.07.2026, 23:39

Қазгидромет 7–9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік-батысы мен орталығында аптап ыстық 35–39 градусқа дейін жетсе, кейбір өңірлерде 41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Солтүстік облыстарда да күн қатты ысып, ауа температурасы 35–38 градусқа дейін барады.

Дегенмен, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, ал 7–8 шілдеде солтүстік пен орталық өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір өңірлерде бұршақ жауып, жел күшейеді. 

Сонымен қатар, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Елдің солтүстік-батысы мен орталығында аптап ыстық 35–39 градусқа дейін жетсе, кейбір өңірлерде 41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Солтүстік облыстарда да күн қатты ысып, ауа температурасы 35–38 градусқа дейін барады.