homepage
Фото: ашық дереккөз

Нұрсұлтан есімінің танымалдығы төмендеп келеді

06.07.2026, 15:34

Қазақстанда баласына Нұрсұлтан есімін беретін ата-аналар күрт азайған. Статистикаға сәйкес, 2026 жылдың басынан бері бұл есім небәрі 49 сәбиге берілген.

Жалпы, Қазақстанда бұл есім 48 749 азаматқа тиесілі. 

Нұрсұлтан есімінің ең жоғары танымалдық кезеңі 1991 жылға тиесілі. Сол жылы 3875 ұл балаға осы есім қойылған. Ал, 1992 жылы – 3676, 1993 жылы – 3134, 1994 жылы – 1956, ал 1995 жылы – 1873 бала Нұрсұлтан атанған. 

2000-жылдары да бұл есімнің танымалдылығы төмендеген жоқ. Мәселен, 2005 жылы оны 1975 нәрестеге берсе, 2006 жылы – 1668, 2007 жылы – 1373, 2010 жылы – 1297, ал 2015 жылы – 1285 балаға қойған.

Алайда, кейінгі жылдары есімнің танымалдығы күрт төмендей бастады. 2023 жылы Нұрсұлтан есімі 99 нәрестеге берілсе, 2024 жылы – 95, ал 2025 жылы 118 балаға қойылған.