Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтап, елорданы Тәуелсіз Қазақстанның символы әрі елдің жүрегі деп атады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Президенттің айтуынша, бүгінде Астана тек саяси және әкімшілік орталық қана емес, халықаралық беделі артып келе жатқан, «ақылды қала» қағидаттары енгізілген заманауи мегаполиске айналды.
– «Астана – егемен еліміздің жүрегі. Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның символы, жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнары», – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
Тоқаев елорда күні қарсаңында күшіне енген жаңа Конституцияның символдық мәніне тоқталып, оның билік пен қоғам институттарын жаңғыртудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Сондай-ақ жаңа конституциялық заң Астананың саяси, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтқанын айтты.
Ал статистикаға сүйенсек, соңғы жылдары елорданың ел экономикасындағы үлесі айтарлықтай артқан. Егер 1998 жылы Астананың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 3,5% ғана болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 11,9%-ға жеткен. Яғни, бүгінде Қазақстанда өндірілетін әрбір сегізінші теңге елордада қалыптасады.
Сонымен қатар:
Бүгінде халқы 1,6 миллионнан асқан Астана Қазақстанның ең ірі экономикалық, іскерлік және туристік орталықтарының біріне айналып отыр.