homepage
фото: партияның баспасөз қызметі

«Ақ жол» Құрылтай сайлауына 63 кандидатын ұсынды

05.07.2026, 15:03

«Ақ жол» демократиялық партиясы Құрылтай сайлауына қатысатын 63 кандидаттан тұратын партиялық тізімді бекітті.

Партияның Астанада өткен кезектен тыс съезінде партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданып, депутаттыққа үміткерлердің тізімі мақұлданды. Тізімге елдің барлық өңірлерінің кәсіпкерлері, түрлі сала сарапшылары енген. 

Партия төрағасы Дания Еспаева сайлауалды бағдарламаның басты мақсаты – тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, әділ бәсекелестікті дамыту, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту екенін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін «Ақ жол» партиясын 15 жыл басқарған Азат Перуашев қызметінен кетіп, партия төрағасы болып Дания Еспаева сайланған болатын.