Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елордадағы республикалық Бас мешіттің атауы өзгергенін хабарлады. Енді ол ресми түрде «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады.
ҚМДБ мәліметінше, жаңа атау ресми құжаттар мен қолданысқа енгізіледі.
Еске салайық, аталған мешіт экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған еді. Нысан 2022 жылдың тамызында қолданысқа берілді. Ол әлемдегі ең үлкен 10 мешіттің қатарында.
Ал, ертең 6 шілде – Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Биыл Нұрсұлтан Әбішұлы 86 жасқа толады.