homepage
фото: ашық дереккөз

Ұлы даланың үні - бүгін Домбыра күні

05.07.2026, 14:27

Бүгін – Ұлттық домбыра күні. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретіне тойланып келеді. 

Домбыра – жер бетінде кең тараған шертпелі аспаптардың бірі. Одан тараған қоңыр үн халық жадында тарих боп қатталып, шежіре боп шертілді. Ел аузындағы аңыз бойынша әйгілі Шыңғыс ханға Жошының өлімін жеткізген де домбыра еді. Ал зерттеушілердің айтуынша, домбыра туралы алғашқы ғылыми деректер әл-Фарабидің жазбаларында «тамбур» деген атпен кездеседі. Аспаптың қасиетті үні мен күй өнері 2014 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Домбыра күнімен құттықтап, Халықаралық қауымдастыққа қазақ Домбырасының сазды әуенін таныстыру – жалпыұлттық парыз екенін еске салды. 

“Домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерімізді Қазақстанда, шет елдерде жоғары деңгейде насихаттауға өнегелі ісімен, салмақты сөзімен атсалысып жүрген барша адамға шынайы ризашылығымды білдіремін”, - деді Президент.