homepage

Алматыда өзгеден ақша бопсалаған блогерлер ұсталды

Juzmedia. kz
Бүгін, 11:04

Алматыда полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

10 МЛН ТЕҢГЕ АЛЫП ЖАТҚАНДА ҰСТАЛҒАН

Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған.

“Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған”, - делінген полиция таратқан хабарламада.

Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды.

Олар ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҰСТАЛҒАН БЛОГЕРЛЕР КІМДЕР?

БАҚ беттерінде жарияланған дерекке сүйенсек, ұсталған блогерлер – Дамир Кушаев пен Руслан Каримов.

Кушаев бұған дейін Алматы прокуратурасының ғимаратында бейнежазбаға түсіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалған болатын.  

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.