homepage
фото: Reuters

Төрт ай бойы жерленбеген Хаменеи: Иранда аза тұту рәсімі басталды

05.07.2026, 09:30

Иранда осы күндері елдің Жоғарғы көсемі Аятолла Хаменеимен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Ол АҚШ пен Израильдің бірлескен әуе соққысы кезінде 28 ақпанда қаза тапқан еді. Алайда, оның денесі төрт ай бойы жер қойнына тапсырылмағаны көпшілікке енді ғана белгілі болды.

Аза тұту рәсімі жұма күні, 3 шілдеде Тегеранда шетелдік делегациялардың қатысуымен басталған. Оған Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қатысып қайтты. Аза тұту шаралары 8 шілдеге дейін жалғасады.  Ал,  9 шілдеде Хаменеи туған қаласы Мешхедте жерленеді. Оның сүйегі Имам Реза кесенесінің аумағына қойылады. Мешхедтегі ауқымды діни ғұрыпқа 10 миллионға дейін адам жиналуы мүмкін.

Алдағы жерлеу рәсімінің басты сұрағы – Хаменейдің ұлы әрі мұрагері, 56 жастағы Моджтаба Хаменей көпшілік алдына шыға ма деген мәселе. Ол 8 наурызда Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы болып сайланғанымен, содан бері жұрт алдына бірде-бір рет шықпаған.