homepage
фото: Партияның баспасөз қызметі

Әнші және файтер: "Respublika" партиясының қатарын кімдер толықтырды

05.07.2026, 09:10

«Ирина Кайратовна» тобының продюсері, негізін қалаушылардың бірі Азамат Маркленов Respublica партиясының қатарына қосылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Партияның Астанада өткен V кезектен тыс съезінде бірқатар жаңа мүшелер таныстырылды. Олардың қатарында журналист Ерболат Мұхамеджан, қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов та бар. 

Азамат Маркленовтың сөзінше, ол партияға креативті индустрияны дамыту үшін қосылған. Оның айтуынша, Respublica IT мамандарын, музыканттарды, дизайнерлерді, сәулетшілерді және стартап жобаларын қолдауға басымдық береді. 

Айта кетейік, съезде Respublica партиясы Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін де бекітілді. Тізімге 32 әйел, 12 жас, үш мүмкіндігі шектеулі азамат, сондай-ақ партия жанындағы PolitIQ мектебі мен кадрлық резервтің 10 түлегі енген. 

Respublica – 2023 жылы Әділет министрлігінде ресми тіркелген саяси партия. Ол өзін жаңа буын кәсіпкерлері мен белсенді азаматтарды біріктіретін саяси күш ретінде таныстырады. Партия 2023 жылғы Мәжіліс сайлауында 8,59% дауыс жинап, Парламентте 6 депутаттық орынға ие болған еді.