Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампге Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Президент өз құттықтауында бұл күннің Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына адалдығын айқындайтын тарихи маңызы зор мереке екенін атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға Қазақстанның дайын екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, Америка халқына бейбітшілік, бақ-береке және өсіп-өркендеу тіледі.