Алматы облысы, Қарасай аудандық мәслихатының бұрынғы депутаты таңқурай өсіремін деп мемлекеттен субсидия алып, бірақ субсидия ақшасын казинода құмар ойынға жұмсаған. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті оның үстінен қылмыстық іс қозғап, істі сотқа жолдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
29 шаруа қожалығы арқылы жалған құжат рәсімделген
Схеманы жүзеге асыру барысында Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында тіркелген 29 шаруа қожалығы тартылған. Уәкілетті органдарға өнеркәсіптік таңқурай отырғызуға арналған элиталық көшеттерді сатып алу туралы жалған құжаттар ұсынылған. Алайда іс жүзінде көрсетілген көлемде көшеттер жеткізілмеген, ал кейбір шаруашылықтардың мұндай көлемде өнім өсіруге мүмкіндігі де болмағаны анықталған.
2,6 млрд теңге заңсыз алынған
Нәтижесінде мемлекеттен 2,6 млрд теңгеден астам субсидия заңсыз алынған.
Тергеу барысында бұл қаражаттың бір бөлігі әртүрлі мақсаттарға бағытталғаны белгілі болды:
Сот санкциясымен күдіктілердің 4 пәтеріне, 3 автокөлігіне, жеке тұрғын үйіне және бағалы қағаздарына тыйым салынды. Сонымен қатар үш күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Қазіргі таңда қылмыстық іс сот қарауына жолданды.