Қазақстанда автокөлік иелеріне арналған міндетті сақтандыру полисінің бағасы орта есеппен 14%-ға өсті. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады, деп хабарлайды Juzmedia.kz агенттігі LS-ке сілтеме жасап.
Баға қалай есептеледі?
Реттеуші органның мәліметінше, сақтандыру құны әр жүргізуші үшін жеке есептеледі және бірнеше факторға байланысты қалыптасады:
Агенттік кейбір жүргізушілер үшін сақтандыру құны 100 мың теңгеден де асуы мүмкін екенін, бірақ мұндай жағдайлар сирек кездесетінін атап өтті. Әдетте бұл бірнеше рет ірі жол апатына себепкер болған жоғары тәуекелді жүргізушілерге қатысты.
Сақтандыру неге қымбаттады?
Агенттік дерегінше, 2026 жылы есептеу тәртібі өзгермеген. Дегенмен, екі негізгі фактор бағаға әсер еткен:
Осының нәтижесінде сақтандыру құны орта есеппен 14%-ға қымбаттаған. Қазіргі орташа сақтандыру бағасы — шамамен 23 870 теңге.
Кім көбірек төлейді?
Сақтандыру құны әртүрлі санаттағы жүргізушілер үшін бірдей емес. Мысалы:
Баға жүргізушінің жолдағы тәртібіне де тікелей байланысты. Бонус-малус жүйесі бойынша:
Мысалы, M2 класындағы жүргізушілер үшін орташа сақтандыру шамамен 92 мың теңгеге жетеді. Ал ең жоғары 13-кластағылар ең төмен тариф төлейді.
Сақтандыру төлемдері қандай?
Жол апаты кезінде төлем мөлшері заңмен белгіленген шектерге байланысты:
Кішігірім апаттарда (шығын 100 АЕК-ке дейін, 432 500 теңге) полиция шақырмай-ақ, еурохаттама арқылы рәсімдеуге болады.