homepage
Видеодан кадр

Кәсіпкерлерді бопсалаған шымкенттік блогерлер ұсталды

03.07.2026, 14:21

Шымкент қаласында әлеуметтік желілерде компроматтық бейнематериалдарды жариялаймыз деп қорқытып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған блогерлер тобы ұсталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz

 

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер қатарында Instagram желісінде шамамен 150 мың жазылушысы бар жергілікті блогер және оның үш сыбайласы бар.  Олар кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлерді әдейі бейнетаспаға түсіріп, материал жинап отырған.

“Жиналған бейнематериалдар кейін әлеуметтік желілерде жарияланбайтынын айтып, сол үшін ақша талап еткен. Осылайша, күдіктілер азаматтарға қысым көрсеткен”, – делінген ІІМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта төрт күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.