Қазақстанда ипотекалық несие бойынша пайыздық мөлшерлемені есептеу тәртібі өзгереді. Енді банктер ипотека бойынша пайызды барлығына бірдей емес, қарыз алушының бастапқы жарнасына қарай белгілейді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Қарыздар және микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы" қаулы қабылдады. Жаңа талаптар 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Жаңа ережеге сәйкес:
Яғни, бастапқы жарна неғұрлым көп болса, несие пайызы да соғұрлым төмен болады.
Бұл өзгеріс қолданыстағы ипотекалық шарттарға қолданылмайды, яғни осы уақытқа дейін ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі 25% болып қала береді.