homepage
Depositphotos.com

Қазақстанда маусым айындағы инфляция қанша пайызды құрады

01.07.2026, 17:20

2026 жылғы маусымда Қазақстандағы инфляция деңгейі 0,8%-ды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, бір ай ішінде бірқатар азық-түлік тауары арзандаған. Атап айтқанда, тәтті бұрыш 12,6%-ға, қызылша 7,8%-ға, жұмыртқа 3,8%-ға, банан 3,3%-ға, сондай-ақ баялды, қара шай, алма және бидай жармасының бағасы төмендеген.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында шаңсорғыш (7,2%), үтік (5,4%), медициналық бетперде (4,1%), электр шәйнек (2,9%), ноутбук (1,2%) және парацетамолдың (0,8%) бағасы арзандаған.

Ақылы қызметтер саласында да төмендеу байқалды. Маусымда ыстық су тарифі 3,7%-ға, ал суық су тарифі 3,2%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, жылдық инфляция деңгейі 10,3%-ды құрады. Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда қызылша 26,9%-ға, қызанақ 23,8%-ға, қияр 20,8%-ға, пияз 15,9%-ға және сарымсақ 11,9%-ға арзандаған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда автокөліктердің бағасы 9,9%-ға, кондиционерлердің құны 9,7%-ға төмендеген. Ал суық су тарифі бір жылда 40,8%-ға арзандаған.

Инфляция көрсеткіші ай сайын 537 түрлі тауар мен қызмет бағасының өзгерісі негізінде есептеледі.