2026 жылғы 30 маусымда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен «Заңды күлкі» «Жайдарман» жобасының дәстүрлі республикалық КВН ойыны өтті.
Іс-шара Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізіліп, қоғамның құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, заң үстемдігін дәріптеуге және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Биылғы ойынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жайдарманшылар мен көрермендерді қоса алғанда 1200-ге жуық адам қатысты.

Ойын барысында командалар әзіл мен сатира арқылы интернет-алаяқтық, қаржылық пирамидалар, заң талаптарын сақтау, жауапты қаржылық мінез-құлық және азаматтардың қырағылығын арттыру тақырыптарын көтерді.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ағартушылық жобаларды қолдауды жалғастырады.