Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сайлауға дайындық пен оны өткізуді ұйымдастыру тапсырылды.
Сондай-ақ Үкіметке, Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жедел қабылдау міндеттелді.
Президент Жарлығы 2026 жылғы 1 шілдеден, яғни ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді.