homepage
Ақорда

23 тамыз - Құрылтай сайлауы

01.07.2026, 14:12

Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сайлауға дайындық пен оны өткізуді ұйымдастыру тапсырылды.

Сондай-ақ Үкіметке, Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жедел қабылдау міндеттелді.

Президент Жарлығы 2026 жылғы 1 шілдеден, яғни ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді.